Жарияланды: 720

Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы тағайындалды

Қызылорда. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Ерлан Мұстафаев тағайындалды. Е. Мұстафаев 2008 жылдың ақпан айынан бері Жаңақорған ауданының әкімі болған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін