Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шиелі ауданы, Досбол би ауылында 30-шілдеде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 36 жастағы жігіт «кене шағу» деген диагнозбен жатқызылған. 3-шілдеде дәрігерлерлің кеңесі оған «конго-қырым қан безгегі» деген алдын-ала диагноз қойды. Науқастың халі өте ауыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті