деп хабарлады бейсенбіде «Интерфакс-Қазақстанға» облыстық полиция баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаев.
«Балалардың төбелесіп қалуы әдеттегі жағдай ғой. Жетінші сыныптың оқушысы бесінші сыныптың оқушысын итеріп қалған, ол құлап, есін жимастан сол күні аудандық аурухананың реанимация бөлімінде қаза болды», деді ол.
Оның айтуынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалмайды, өйткені бала қылмыстық жауапкершілік басталатын 14 жасқа толмаған.