Қызылорда облысында мектепті су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында мектепті су басты

Қызылорда облысында мектепті су басты

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында №97 мектептің ауласын су басып, сабақ тоқтатылды деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • 12 Наурыз 2018
  • 192
Фото - Caravan.kz

Төтенше оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы барған. Олар жағдайды көріп, мектептің жай-күйін тексерген. Мектеп қабырғалары мен едені зақымданғаны анықталып, оқу ордасында сабақ оқытуды тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

Енді сарапшылар мектептің техникалық жай-күйін мұқият тексеріп, білім ордасының аумағын су басу себептерін тексермек.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, Аранды мектебіндегі мұғалімдер мен 98 оқушы 12 наурыздан бастап көрші Қожабақы елді-мекеніндегі мектепке ауысады. Қазалы аудандық әкімдігі оқушылар мен ұстаздарды тасымалдауға арнайы көлік бөлген.

 

 

Ұқсас тақырыптар:

Ертең Өскемен мектептерінде сабақ болмайды
ШҚО-да күннің күрт жылынуынан қар еріп, қызылсу аулаларды басып қалды
Қызылорда облысында су тасқынына қатысты ахуал тағы да күрделене түсті
 
Соңғы жаңалықтар