Қызылорда облысында мұнай өңдейтін 18 жасырын шағын зауыт жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында мұнай өңдейтін  18 жасырын шағын зауыт жойылды

Қызылорда облысында мұнай өңдейтін 18 жасырын шағын зауыт жойылды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Қызылорда облысында Шекара қызметі мен Қызылорда облыстық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп мұнай өңдейтін 18 жасырын шағын зауытты жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2006
  • 536
Фото - Caravan.kz

ҚР ҰҚК-нің түсініктемесіне сәйкес, мұнай кеніші мен “ҚазТрансОйл” ұлттық компаниясына қарасты Құмкөл-Қарақойын магистральдық мұнай құбырынан мұнай ұрлап, оны әріқарай өңдеп сатумен шұғылданып келген Қызылорда облысындағы ұйымдасқан қылмыстық топты жыл басынан бері бақылауда болған.

Нәтижесінде заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар адамдар мен ұрланған көмірсутегі шикізатын өңдейтін жасырын шағын зауыттардың орналасқан жерлері анықталды. Өңделген өнімді сататын құрылымдар, бөлшек сауда орындарына дейін тасымалдау схемалары да анықталды.

Шұғыл іздестіру шаралырының қорытындысы бойынша Қызылордадан 200 шақырым төңіректе орналасқан мұнай өңдейтін 18 жасырын шағын зауыт табылып жабылды. Уақытша шикізат сақтайтын бірнеше бекет анықталып, олардан 455 тонна мұнай, 118 тонна мұнай өнімдері табылды. Облыс орталығы мен облыстың жекелеген аудандарында тұратын, мұнай өнімдерін заңсыз өңдеуге қатысы бар 56 адам ұсталды.

ҚР ҰҚК-нің хабарлауынша, алдын-ала есепке сәйкес ұрланған мұнайдан аталмыш 18 зауытта айына жалпы құны 1 млн. долларды құрайтын жанармай, солярка және мазут сынды өнімдер шығарылып отырған.
Қазіргі жағдаймен дайын мұнай өнімдерін сату және жеткізу арналарын ұйымдастырушылар мен қылмыстық топқа қолдау көрсетіп келген лауазым иелерін анықтау шаралары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта