Оның айтуынша, өткен сенбіде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнаулы шара барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топты қылмыс үстінде ұстады. «Олар ұрланған 46 тонна мұнайды екі автоцистернадан жеке меншік компанияның терминалына құйып жатқан кезде ұсталды»,- деді А.Исағалиев. Сонымен бірге олардан ұаларған мұнаймен бірге келе жатқан «Нива» автокөлігі тәркіленді.
Жексенбіде төрт адамнан тұратын тағы бір топ құрықталды. «Күдіктілерден 32 тонна ұрланған мұнай тәркіленді»,- деп хабарлайды тәртіп сақшысы.
Дүйсенбіде оперативтік қызметкерлер 30 тонна мұнаймен тағы да үш адамды ұстады.
Бұл деректер бойынша облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің «ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан сеніп тапсырылған басқаның мүлкін аса ірі көлемде жымқыру» жөніндегі 176-бабы, 3-тармағы бойынша үш қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі жағдаймен қызылордалық тәртіп сақшылары мұнай ұрлау және оны заңсыз өңдеуге қатысты 12 деректің бетін ашып, соған сәйкес қылмыстық істерді тексеруде». А.Исағалиевтің айтуынша, жалпы жыл басынан бері өңірде заңсыз мұнай өңдейтін 15 шағын зауыт жойылды. Қылмыскерлерден 600 тоннадан астам ұрланған көмірсутегі шикізаты тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті