Қызылорда облысында обаға шалдықты деген күдікпен бір әйел ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында обаға шалдықты деген күдікпен бір әйел ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысында обаға шалдықты деген күдікпен бір әйел ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарбұлақ ауылында обаға шалдықты деген күдікпен 46 жастағы бір әйел ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2003
  • 353
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәліметке сәйкес, әйел тіпті 15-қарашада ауырған көрінеді. Ол базардан сатып алған қоянның етін бұзған. 24-қарашада әйел орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Науқастан зертханалық тексерулерге қажетті сынамалар толық алынды. Тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары қазір індет ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолдануда.

Соңғы жаңалықтар