Қызылорда облысында Өзбекстандық заңсыз мигранттар тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Өзбекстандық заңсыз мигранттар тобы ұсталды

Қызылорда облысында Өзбекстандық заңсыз мигранттар тобы ұсталды

Шекарашылар Қызылорда облысының оңтүстігінде Өзбекстандық заңсыз мигранттар тобын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда шекара отрядының қолбасшысы Ерлан Иманалиев хабарлады.

  • 18 Қазан 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 23 адамнан құралған заңсыз топ мақта жинау науқаны кезінде ақша табу үшін жасырын жолмен Жаңақорған ауданына келген. Тұтқындардың айтуынша, осындағы бір шаруа қожалығының басшысы олардың «ұртын майлауға» уәде берсе керек. Жалданып ақша табу үшін олардың басым бөлігі өз елінде жоғары өсіммен ақша қарыздап алған. Енді заңсыз мигранттар әкімшілік жаза жүктеп, елден айдалатын болды.

Е.Иманалиевтің айтуынша, мұндай заң бұзу оқиғалары маусымдық сипатта. Өзбекстен тұрғындары жаз және көктем маусымдарында Арал өңіріндегі базарларға ғана емес, сонымен бірге құрылыс саласындағы жұмыстарға да асығады. Ал күзде астық жинау науқанына еңбектерін ұсынады.
Биыл Қызылорда шекара отряды мемлекеттік шекара бұзған осындай 50 адамды ұстады.

Перейти к новостям спорта