Қызылорда облысында қарақурай плантациясы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қарақурай плантациясы табылды

Қызылорда облысында қарақурай плантациясы табылды

Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жаңақала ауылынан 120 шақырым жерде қарасораның 66 790 түп бұтасы табылды.

  • 19 Маусым 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел шаралары нәтижесінде плантацияның қожайыны болуы мүмкін 19-жасар Қызылорда тұрғыны қолға түсті. Сонымен бірге Қызылордалық азаматтың жарақтаулы жеркепесінен 206,5 грамм марихуана шықты.

Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің инспекторы Молдахмет Ағыбаевтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, мұндай плантациядан бір тоннаға дейін марихуана жинап, қара базарда оның килограммын 300-400 доллардан сатуға болады.
Қазір тұтқындалған жігіт уақытша тергеу қапасына қамалып, аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 262-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Өткен бір аптада Қызылорда облысында 79 қылмыстық іс қозғалып, олардың 75-і әшкереленді.

Соңғы жаңалықтар