Қызылорда облысында құрт ауруына қарсы үш диспансер салуға арнап 350 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында құрт ауруына қарсы  үш диспансер салуға арнап 350 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысында құрт ауруына қарсы үш диспансер салуға арнап 350 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысында құрт ауруына қарсы үш диспансер салуға арнап 350 млн. теңге бөлінді. Мұндай диспансерлер облыстың Қармақшы, Сырдария және Арал аудандарында салынғалы отыр. Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Вассави Мухамедьяровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, Қармақшы ауданының Жосалы ауылында 60 орынды, Сырдария ауданы Тереңөзек ауылында 50 орынды аурухана салуға республикалық бюджеттен 200 млн. теңге арналса, Аралдағы диспансерді салуға арнап облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді.

  • 8 Шiлде 2003
  • 495
Фото - Caravan.kz

Бүгінге дейін барлық ауданда құрылыс салу жұмыстарының алғашқы сатысы басталды. Диспансерлер 2004-жылы салынып аяқталады деп межеленген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлауынша, Қызылорда облысында құрт ауруына шалдығу деңгейі 2002-жылы әрбір 100 мың адамға шаққанда 162,9 науқасты құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 145,3 болды.

Соңғы жаңалықтар