Қызылорда облысында құс тұмауының алдын алуға 520 мың теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында құс тұмауының алдын алуға 520 мың теңге бөлінді

Қызылорда облысында құс тұмауының алдын алуға 520 мың теңге бөлінді

Қызылорда облысына құс тұмауының алдын алуға республикалық бюджеттен 520 мың теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік инспекторының орынбасары Ерболат Нұрымбетов хабарлады.

  • 11 Тамыз 2005
  • 519
Фото - Caravan.kz

Е.Нұрымбетовтың айтуынша, қазір Қызылорда облысында сырттан тауық етін енгізуге тыйым салынды. Жергілікті «Айдан Аққұс» құс фабрикасы жабық режимде жұмыс істеп жатыр. Көршілес аймақтардан инкубаторларға жұмыртқа әкелу жұмыстары доғарылды.

Сонымен бірге облыстың барлық аудандарында малдәрігерлік қызмет пен табиғат қорғау мекемелерінің инспекторларынан құралған жылжымалы топтар құрылды. Аймақтағы 450 мың басты үй құстары клиникалық тексеруден өтті. Олардың арасынан індетке шалдығу оқиғасы байқалған жоқ.
Қазіргі жағдаймен күзгі құс аулау маусымын жариялау мәселесінің басы ашық күйінде қалып отыр.

Перейти к новостям спорта