Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды

Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында құтыру дертіне шалдыққан екі жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Маусым 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

Екі жасар қыз ит қауып алу салдарынан Қармақшы аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 6-маусымда жатқызылған. 7-маусымда дәрігерлер оған «құтыру» деген алдын-ала диагноз қойды. Ал 8-маусымда 6 сағатта ол қайтыс болды.

Ауру ошағына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен осы департаменттің Қармақшы аудандық басқармасының мамандары аурудың таралуының алдын алу шараларын қолдану үшін жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті