Қызылорда облысында қырым қанды безгегін жұқтыру салдарынан 7 жасар ұл қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қырым қанды безгегін жұқтыру салдарынан 7 жасар ұл қайтыс болды

Қызылорда облысында қырым қанды безгегін жұқтыру салдарынан 7 жасар ұл қайтыс болды

Қызылорда облысында қырым қанды безгегін жұқтыру салдарынан 7 жасар ұл қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2004
  • 466
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Шиелі ауданы Телікөл ауылында тұратын бала орталық аудандық ауруханаға 11-шілдеде тұмау деген диагнозбен жатқызылыпты. Ертеңінде ол «конго-қырым қанды безгегі» деген диагнозбен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылады. 15-шілдеге қараған түні бала қайтыс болды.

Арнауы шаралар нәтижесінде баламен қарым-қатынаста болған 24 адам анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауру ошағында жұқпалы дерттің таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы орталық аудандық ауруханаға «күйдіргінің терідегі түрі» деген диагнозбен бір жергілікті тұрғын жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқас Аягөзден 50 шақырым жердегі Ғаббасово ауылында өлген қойдың терісін сылып алған. Науқас пен мал сойған жерден сынамалар алынып, облыстық СЭС-ке тексеруге жіберілді.

Перейти к новостям спорта