Қызылорда облысында Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолды жөндеуге 1847 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолды жөндеуге 1847 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысында Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолды жөндеуге 1847 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысында 60 шақырымдық Қызылорда-Жезқазған тас жолын жөндеуге 1847 млн. теңге бөлінді. Жолды жөндеу жұмыстары автожолдарды дамыту жөніндегі 2001-2005-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

  • 8 Шiлде 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

2003-жылғы жоспар бойынша Қызылорда-Жезқазған автожолының 25 шақырымын жөндеуге 960 млн. теңге бөлінбек. Қазірге дейін оның 327 млн. теңгесі игерілді.

Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы Гаухар Исмаилованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, нысанды салуға 186 машина мен 235 адам жұмылдырылып отыр.
Бүгінге дейін 30 шақырымдық айналма жол іске қосылып, қазба жұмыстар аяқталып, қиыршық тас пен құм қоспасынан жолдың негізі төселді.
Жұмыстарды жүзеге асыруға қазіргі заманғы өнімділігі жоғары құрал-жабдықтар қолданылуда. Осы мақсатпен қуаты сағатына 150 тоннаны құрайтын асфальт зауыты салынды. Итальяның «Маrini» фирмасымен келісімге қол қойылып, материалдардың мөлшер-дозасы компьютермен басқарылатын асфальт зауытын алуға келісім жасалды.
Нысанда атқарылған жұмыстар мен материалдар сапасына қатаң бақылау жасалуда. Бұл жұмыстарды бас мердігер «Жолқұрылысы » ЖШС тарапынан аттестацияланған «Қостанайжол жобасы» жобалау институтының зертханасы мен «Стройэкспорт» KZ ЖШС-нің тәуелсіз зертханасы атқаруда.
Қызылорда-Жезқазған бағытындағы автожолды жаңалау жұмыстарын 2004-жылдың қарашасына дейін аяқтау межеленген.

Соңғы жаңалықтар