Қызылорда облысында соңғы күндері 8 өрт оқиғасы орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында соңғы күндері 8 өрт оқиғасы орын алды

Қызылорда облысында соңғы күндері 8 өрт оқиғасы орын алды

Қызылорда облысында соңғы күндері 8 өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • 16 Шiлде 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz



Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында мал қорасы өртенді. Ол ашық отты пайдаланудағы аңғалдықтан болған. Өрттен 150 000 теңгенің құнды заттары құтқарылған.

Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесінің бойында «ГАЗ-53» маркалы автокөлігінде өрт оқиғасы тіркелді. Қаладағы Шымбай көшесі №74 үйде өрт оқиғасы тіркелді. Олардың шығу себебі мен өрттен келген шығындар анықталуда. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде де бір автокөлік өртенді. Ол дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ереже сақталмауынан болып, «Ауди» машинасын отқа ораған. Өрттен келген шығын 350 000 теңге. Өрттен 500 000 теңгенің құнды заттары құтқарылған.

Осындай «Ауди» Қызылорда қаласы, Жұмабаев көшесіндегі №212 орта мектеп алдында да от құшағына көмілді.

Бұлардан басқа Шиелі кентінде мал қорада жиналған шөп өртенген.

Соңғы жаңалықтар