Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан асты

Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан асты

Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдарияның Қармақшы ауданы аумағынан мұз жүру кезінде сең кептелісі болып, өзен арнасындағы су деңгейі көтерілді.

  • 22 Наурыз 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Нəтижесінде Далдабай елді мекені тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тасжолы бойындағы көпір және жолдың шамамен 500 м аумағының үстін су басты. (Жосалы кентінен 41 шақырым жоғары, Жалағаш кентінен 33 шақырым төмен), деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Судың тасуынан шығын келмеді, яғни жолдың немесе көпір бұзылмады. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов су деңгейінің төмен түскенін, өзен арнасында мұз жүріп жатқанын хабарлады.

«Облыс аумағынан мұз жүру процесі өткен айдың 26-сында басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін 780 шақырым жүріп, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Бүгінгі жағдайға байланысты Далдабай елді мекенінің тұсында, 780 шақырымында мұз кептелісінің салдарынан өзен арнасынан шығып, Жалағаш-Қармақшы тасжолының үстін басты. Қазіргі таңда ол жер уақытша жабылып тұр. Су 30 см төмен түсті. Мұз жүру процесі жалғасуда. Қазір Қармақшы ауданының Дүр Оңғар елді мекенінің тұсынан өтіп кетті. Ертеңге дейін жол ашылады», — деді Серік Сермағамбетов.

21 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағына секундына 160 текше метр су келуде. Қызылорда су торабынан секундына 170 текше метр су өтуде. Қазіргі кезде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы өзен арнасы мұздан толық тазарды.


Ұқсас тақырыптар. 

БҚО-да жаңа елді мекендерді су басып жатыр
Өскеменде қатты нөсердің салдарынан Безымянный жылғасы шайылып кетті — екі үйді су басты