Қызылорда облысында Сырдария өзені сағасынан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Сырдария өзені сағасынан шығып кетті

Қызылорда облысында Сырдария өзені сағасынан шығып кетті

Қызылорда облысының Қазалы ауданы аумағындағы жайылма алқапта Сырдария өзені сағасынан шығып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2004
  • 1279
Фото - Caravan.kz

Дарияның сағасынан шығуына өзеннің өткізгіштік қабілетінің азаюы мен мұзатқы түзілуі себепші болған.

Соның салдарынан жергілікті маңызы бар «Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автожолының 4 учаскесі мен Бірлік елді мекеніндегі «Әлсейіт» қалқымалы сал өткеліне баратын жолды су шайып кетті. Кей учаскелерде жер асты су шығып, 17 үйдің тұрғындары уақытша басқа жаққа көшірілді.
Тасқыннан қорғау шараларын өткізу жөніндегі аудандық штаб аудан аумағында төтенше жағдай туындаған күнде жүзеге асыратын құтқару және тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарының жоспарын жасады. Қауіпті жерлерде қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары атқарылуда. Қазба жұмыстарына 62 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар