Қызылорда облысында Сырдарияны мұздан тазарту мақсатындағы жарылыстар одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Сырдарияны мұздан тазарту мақсатындағы жарылыстар одан әрі жалғасуда

Қызылорда облысында Сырдарияны мұздан тазарту мақсатындағы жарылыстар одан әрі жалғасуда

Қызылорда облысында Сырдарияны мұздан тазарту мақсатындағы жарылыстар одан әрі жалғасуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Ақпан 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма ақпаратына сәйкес, Сырдарияның төменгі сағасындағы ахуал тұтастай алғанда бақылау астында. Мұз сеңдері Байқоңыр қаласының аумағынан өтіп, өзен ағысымен бірге төмен қарай жылжып барады. 22-ақпан, жексенбіде Қазалы ауданындағы «Күланда» учаскесіндегі қалқымалы өткел маңында түзілген мұз құрсауды бұзу үшін жарылыстар жасалды. Бұл жердегі мұздың қалыңдығы кей жерлерде 100 см-ге жетсе, кей жерлерде мұз құрылымы біркелкі болмай, жұмыстарға кедергі келтіруде. Сондай-ақ, «Әлсейіт» қалқымалы өткелінің маңында да жарылыс жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл аумақта барлығы 33 жарылыс жасалып, 180 кило жарылғыш заттар пайдаланылды.

Тоған маңына тәулік бойы күзет қойылып, Қызылорда облысы бойынша жалпы су тасқыны белең алған алқап 660 шаршы шақырымды құрады.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агентігінің азаматтық қорғаныс полкының 53 адамы «Досқали» учаскесіндегі тоғандар мен Бекарыстан би елді мекенінде орналасқан магистралдық каналды бекіту жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. 400 метрлік бөгет қолмен нығайтылды.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендерге дәрігерлік көмектер көрсету үшін арнаулы медиктер тобы құрылып, оның құрамына облыстық және қалалық емдеу мекемелерінің мамандары қамтылды.

Соңғы жаңалықтар