Қызылорда облысында Тәжімбет Аймағамбетұлына ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында Тәжімбет Аймағамбетұлына ескерткіш орнатылды

Қызылорда облысында Тәжімбет Аймағамбетұлына ескерткіш орнатылды

Арал ауданы Бөген ауылдық округінде Тәжімбет мақсымды еске алуға арналған іс-шара өтті.

  • 12 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Тәжімбет Аймағамбетұлы 75 жыл бұрын сталиндік қуғын-сүргін кезінде жазықсыз жазаланып, қапияда көз жұмған еді. Ол сол уақытқа дейін Бөген ауылының шығысындағы 12 шақырым жердегі Батпақты көлінің жағасынан мешіт салдырған болатын. Өз әкесі Аймағамбет ахун болған мақсым осы жерде имандылық негізін қалаған-ды. Кейін уақыттың талабына орай ол ақталып, адал есімі халқына қайта оралды.

Баба ұрпақтары мен жерлестері толымды тұлғаны еске алып, есімін ұлықтады. Сондай-ақ шара барысында Тәжімбет Аймағамбетұлына арналған ескерткіш ашылды. Жиынға аудан әкімі Н.Мұсабаев қатысып, сөз сөйледі. Соңынан дін қайраткеріне ата жолымен құран бағышталып, ас берілді.

Соңғы жаңалықтар