Қызылорда облысында ҰБТ өткізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында ҰБТ өткізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында ҰБТ өткізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің оперативниктері Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығындағы №163-ші метепте ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізу кезінде анықтаған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 9 Маусым 2011
  • 851
Фото - Caravan.kz

«Облыстық және Байқоңыр қалалық ҰҚКД органдары тергеуалды тексеріс барысында Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығы болып табылатын Жаңақорған кентіндегі №163-ші метепте 4-ші маусымдағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізу кезінде тест сұрақтарына жауабы жазылған «шпаргалкалар» болғанын анықтады», — делінген облыстық прокуратура хабарында.

Облыстық прокурор орынбасары К. Әбдіханованың мәліметтерінше, дайын жауаптары бар «шпаргалкалар» үш мектеп бітірушіде анықталған.

Аталған факті бойынша, 5-ші маусымда арнайы қызмет ҚР ҚК 172-ші бап, 1-ші тармағымен (мемлекеттік құпияларды заңсыз алып, жариялап жіберу) қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыруға болады. Қадағалау органы алдын ала тексеру жүріп жатқанын айтады.

Осы фактіге байланысты ҚР ғылым және білім министрлігінің білім беру саласын қадағалау комитеті Жаңақорған аудандық ҰБТ-нің І-ші ағымының нәтижесін жойды. Жаңақорған ауданында қайтадан тестілеу 10-шы маусымға тағайындалды, делінген хабарда.

Прокуратурадан «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңының 12-ші бабының талаптарына сай, мемлекеттік құпияларға ҰБТ өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұны мен дұрыс жауаптардың кодын ашатын мәліметтер жатады деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар