Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ мүшелері ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактура жазумен айналысқан, ал жұмыстар орындалмаған.

  • 29 Қыркүйек 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысында бюджетке 776 миллион теңге шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топты "СТОП ОБНАЛ" жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстады.

Топ мүшелері жұмыстарды орындамай, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.

"Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал мөлшері 776 миллион теңгені құрап отыр", — делінген хабарламада.

Қылмыстық топтың басшысы мен оның мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2- тармағы бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.


Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар