Қызылорда облысында үш күнде заңсыз айналымнан 80 килограмм есірткі шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында үш күнде заңсыз айналымнан 80 килограмм есірткі шығарылды

Қызылорда облысында үш күнде заңсыз айналымнан 80 килограмм есірткі шығарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында тәртіп сақшылары үш күнге созылған арнаулы операция барысында заңсыз айналымнан 80 килограмм есірткіні шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық ІІД-нің бастығы Асқар Исағалиевке сілтеме жасап.

  • 31 Қазан 2006
  • 308
Фото - Caravan.kz

«Аса ірі көлемде есірткі сатуға қатысты төрт дерек бірден әшкереленді. Жалпы алғанда 79,750 килограмм марихуана мен 1,18 грамм героин тәркіленді»,- деді А.Исағалиев.

Мәселен, ескрткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 28-қазанда еш жерде жұмыс істемейтін 40 жастағы Қызылорда тұрғынын 53,140 килограмм марихуана сатпақ болып жатқан сәттте қолға түсірді.

Облыстық полиция басшысының пікірінше, ағымдағы жылы тәркіленген есірткі көлемі 10 есе өсті. Мәселен, 2005-жылдың 10 айында тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 19 килограмм есірткіні шығарса, биыл бұл көрсеткіш 194 килограммға жетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта