Жарияланды: 400

Қызылорда облысында үздік кәсіпкерлердің есімдері белгілі болды

Қызылордада шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы қазіргі заманғы басқару әдістерін кеңінен енгізудің алғышарттарын жасау және жәрдемдесу мақсатында облыстық көрме-конкурс өтті.

Конкурста «2012 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған шара барысында әртүрлі аталымдар жеңімпаздары анықталды. Атап айтқанда, «Өнім өндіру және өңдеу саласындағы үздік кәсіпкер»аталымыын арнайы киімдер тігетін «Ас-Ка» ЖШС иеленсе, «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер» аталымы бойынша мұнай және газ тасымалдау қызметін ұсынатын «Фрак Джет» ЖШС жеңіп шықты. Ал тігін бұйымдарымен айналысатын «Сұлтан-Сүйрік» ЖШС халықтық қолөнер саласындағы үздік кәсіпкер атанды. Сондай-ақ «Қаржылық және кеңес беру қызметін көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы сыйлығы «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалына берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін