Жарияланды: 520

Қызылорда облысында вирусты сары ауруға қатысты эпидемиялық ахуал асқынып тұр

Қызылорда облысында вирусты сары ауруға қатысты эпидемиялық ахуал асқынып тұр. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Амангелді Әбдібаевтың хабарлауынша, кетіп бара жатқан жылда аталмыш жұқпалы аурумен ауыру оқиғасы 465 мәрте тіркеліп, өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе өскен.

Әсіресе балалар арасында жұқпалы аурудың таралуы дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Жаңа оқу жылының басынан бері вирусты сары ауруға шалдығу оқиғасы облыс орталығындағы мектептердің тең жартысында тіркелді. А.Әбдібаевтың пікірінше, сары аурудың кеңінен таралуына ауыз су сапасының төмендігі мен халық арасындағы тазалық мәдениетінің осалдығы әсер етіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін