Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 363
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторлары мен «Охотзоопром» инспекторлары «Бекей» маңында рейд жүргізу барысында нөмірі жоқ ИЖ «Планета» мотоциклімен кетіп бара жатқан адамды байқаған.

«Қуғын барысында браконьерлер қаруларын лақтырып жібергенімен, инспекторлар оларды тауып алды. Тексеру кезінде инспекторлар жайранның өлексесін, 12-ші калибрлі 20 оқ тауып алды, олардың 7-і оқтаулы, 13-і атылған. Ұсталған браконьерлерге қатысты іс Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ІІБ-ына тапсырылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті