Caravan Logo

Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында жайран аулап алған браконьерлер ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторлары мен "Охотзоопром" инспекторлары "Бекей" маңында рейд жүргізу барысында нөмірі жоқ ИЖ "Планета" мотоциклімен кетіп бара жатқан адамды байқаған.

"Қуғын барысында браконьерлер қаруларын лақтырып жібергенімен, инспекторлар оларды тауып алды. Тексеру кезінде инспекторлар жайранның өлексесін, 12-ші калибрлі 20 оқ тауып алды, олардың 7-і оқтаулы, 13-і атылған. Ұсталған браконьерлерге қатысты іс Қызылорда облысы Жалағаш аудандық ІІБ-ына тапсырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.