Жарияланды: 470

Қызылорда облысында жаңа туған әрбір 1000 нәрестенің 23-і көз жұмады

Қызылорда облысында балалар арасындағы өлім көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр. Оған дәлел, облыста жаңадан туған әрбір 1000 нәрестенің 23-і көз жұмады. Мұндай мәліметтер ана мен баланы қорғау проблемасы бойынша Қызылордада өткен қоғамдық тыңдауда жария етілді.

Тыңдауға жергілікті мәслихаттардың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық-саяси бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, аймақтағы басты проблемалардың бірі - түрлі аурулардан зардап шегетін балалар көп кездесетін аудан орталықтары мен ауылдардағы маман тапшылығы болмақ. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осыған орай мүгедек балаларға арнап сауықтыру орталығын ашуды ұсынды. Сондай-ақ, депутаттарға әртүрлі неврологиялық, онкологиялық және басқа да ауру түрлеріне шалдыққан балаларға күрделі әрі қымбат операциялар жасауға арнап бюджетте қаржы қарастыру туралы ұсыныс жасалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Ақмарал Әлназарова 2004-жылы облыстық балалар ауруханасында мүгедек балаларға арналған жеке бөлімше ашылатынын хабарлады. Сондай-ақ, Жалағаш және Шиелі аудандарында перзентханалар мен әйелдерге кеңес беру орталықтары ашылмақ. 2006-жылы Қызылордада облыстық аурухананың жаңа үш қабатты ғимараты салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін