Қызылорда облысында "Жем" деп аталатын өртке қарсы күрес шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында "Жем" деп аталатын өртке қарсы күрес шарасы басталды

Қызылорда облысында "Жем" деп аталатын өртке қарсы күрес шарасы басталды

Қызылорда облыстық өрт сөндірушілер "Жем" деп аталатын өртке қарсы күрес шарасын қолға алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Ибадулла Түйменов хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер шілде айының аяғына дейін жем-шөп пен пішеннің, сондай-ақ, астық жинау техникасының өрт-техникалық ахуалын тексеріп шығуы тиіс.

Шілде айындағы құрғақ аптап өрт сөндірушілердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Тек осы айдың басынан бері 12 ғимарат, 20 мал мен 13 тонна пішенді өрт жалмап кеткен.
Жалпы алғанда жыл басынан бері облыс бойынша 114 өрт тіркелсе, оның 87-сі тұрғын үйлерде шыққан өрт. Шығын көлемі 5 млн. теңгеден асты.

Перейти к новостям спорта