Қызылорда облысында жемқорлық сипаттағы қылмыстары үшін 18 ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жемқорлық сипаттағы қылмыстары үшін 18 ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысында жемқорлық сипаттағы қылмыстары үшін 18 ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды

2004-жылдың басынан бері Қызылорда облысында жемқорлық сипаттағы 61 қылмыстық іс қозғалды. Осындай қылмысқа барғаны үшін 18 ауыл әкімі, аудан әкімінің бір орынбасары, кеден және салық қызметінен екі-екі қызметкерден, білім беру саласының 8 қызметкері, денсаулық саласының алты қызметкері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы журналистерге облыс прокуроры Зарлық Лақбаев хабарлады.

  • 8 Қараша 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, З.Лақбаевтың айтуынша, ішкі істер органы қызметкерлерінің арасында жасалған қылмыстарды жасырып қалатын жаман үрдіс қатаң сақталып отыр. Тек 2004-жылы осындай 120 дерек әшкереленді. Лауазымдық құзырын асыра пайдаланған 17 тәртіп сақшысының үстінен жеті қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы алғанда жыл басынан бері қадағалаушы мекеме тексерулер барысында 2055 заң бұзу оқиғасын, соның ішінде табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 131 деректі анықтады. Атап айтсақ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы қоршаған ортаға 269,8 млн. теңгенің шығынын келтіргені белгілі болды. Қазір мұнайшылар кемшілікті жою шараларын жүзеге асыруда.

Перейти к новостям спорта