Мекеме ақпаратына сәйкес, Шымкент-Самара тас жолының 450-шақырымында 7-қарашада 19 сағат 10 минутта «Ауди-100» және «Фольксваген» автокөліктері соғысты. Апаттан «Ауди-100» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болып, «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде 2 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті