Апат Шымкент-Ақтөбе автожолының 1848-ші шақырымында болды. ВАЗ-2106 автокөлігінің жүргізушісі «Мерседес» автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан Жигули жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «Мерседес» жүргізушісі мен тағы бес жолаушы түрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.