Жарияланды: 320

Қызылорда облысында жол апатында 3 адам ажал құшты

Кеше сағат 14.40-та Қызылорда облысы Арал ауданы, «Самара-Шымкент» тас жолында «ВАЗ» бен «Мицубиси» көліктері соқтығысты. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сексеуіл стансасы жанында болған жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізуші мен «Мицубиси» көлігінің жолаушылары -18 жастағы екі жігіт пен 33 жастағы ер адам оқиға орнында жантәсілім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін