Қызылорда облысында жол құрылысында жүргендер жұмысқа шықпай қалды
Бүгін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Қызылорда облысының аумағында салының жатқан учаскесінің құрылысында жүрген құрылысшылардың бір бөлігі жұмысқа шықпай қалды. Бұл туралы «Казсевавтожол» ЖШС директоры Асқар Құрбанов хабарлады. |
Бұл серіктестіктің 51 жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартқан. Қоятын талаптары - компания осы кезге дейін қарыз болып келген үш айдың айлық жалақысын төлеуі тиіс. Ал бұл жалақының мөлшері 30 млн. теңгеге жеткен көрінеді. Жұмысшылардың айтуларынша, олар күніне 10-13 сағаттан жұмыс істеп, шамамен 150 мың теңге шамасында ақы алады. Сонымен бірге, жалақыны кешіктіріп төлеу компания үшін үйреншікті әдетке айналған. Міне, бұған енді құрылыстың бас мердігері - итальяндық «Тодини» компаниясы кінәлі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін