Жарияланды: 300

Қызылорда облысында жолда сынып қалған автобустан Өзбекстанның 70 азаматы құтқарылды

18 желтоқсан күні, түнгі сағат 03.44-те Қызылорда облысының Жалағаш ауданында

«Шымкент-Самара» автожолымен қозғалып келе жатқан «Мерседес» маркалы жолаушылар автобусы сынып қалды. ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесінің күшімен Өзбекстан-Ресей бағытында бел алған автобустан Өзбекстан Республикасының 70 азаматы құтқарылды. Олар Далдабай ауылының орта мектебіне жеткізілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін