Қызылорда облысында жүк поезының цистернасынан радиоактивтік сұйықтың тамшылап тұрғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жүк поезының цистернасынан радиоактивтік сұйықтың тамшылап тұрғаны анықталды

Қызылорда облысында жүк поезының цистернасынан радиоактивтік сұйықтың тамшылап тұрғаны анықталды

Қызылорда облысындағы Қазалы стансасында дүйсенбі күні таңғы 6-да жүргізілген тексеру барысында Новополодск (Республика Белоруссия) – ст. Беловодск (Қырғыз Республикасы) маршрутымен бара жатқан №2002-ші жүк поезының № 73045809-ші цистернасынан радиоактивті сұйық тамшылап тұрғаны анықталды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады.

  • 28 Маусым 2011
  • 344
Фото - Caravan.kz

Ведомство атап көрсеткендей, цистернадағы отын көлемі 55 м3, ал төгілген сұйықтың көлемі 10 литр, алған ауданы 2 м2болыпты.

Хабарда айтылғандай цистерна негізгі құрамнан ағытылып, Қазалы стансасындағы апаттық тұйыққа сүйреп апарылды. Қазалы стансасының апаттық құтқару күштерімен сұйық басқа цистернаға қотарылып құйылуда.

Қоршаған орта мен халыққа ешқандай қауіп жоқ, дейді ТЖМ.

Соңғы жаңалықтар