Қызылорда облысында жүк пойызының тепловозы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жүк пойызының тепловозы өртенді

Қызылорда облысында жүк пойызының тепловозы өртенді

Қызылорда облысында «Түркістан-Шиелі» бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызының тепловозы өртенді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бейсенбі, 30 маусым күні Қызылорда облысының Төменарық стансасында «Түркістан-Шиелі» бағытында кетіп бара жатқан №2205 жүк пойызы тепловозының артқы секциясынан өрт шыққан. 64 вагонды сүйреп бара жатқан тепловозда болған өрттің аумағы 2 шаршы метрді құраған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың хабарлауынша, бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеген. Өрт сөндіру жұмыстарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы және өрт сөндіруші арнайы пойыз жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар