Р.Мәмбетовтың айтуынша, мәселен, 6,139 млн. теңгенің дебиторлық берешегін жасыру, сметадан тысқары міндеттеме қабылдап алу салдарынан 57,225 млн. теңгенің кредиторлық берешегі пайда болу, 11, 834 млн. теңгенің еңбекақы берешегі тәрізді оқиғалар анықталды.
«Сондай-ақ, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау және төлеуге қатысты 8,9 млн. теңгенің, бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға қатысты 34,5 млн. теңгенің, тауар, материалдар мен қаржыны негізсіз шығынға жіберуге қатысты 29,2 млн. теңгенің қайшылықтары әшкереленді»,- деді басқарма бастығы.
Сонымен бірге 17 ашық байқау бойынша 372 мың теңгенің мемлекеттік сатып алу процедурасын бұзу оқиғаларының беті ашылды. 8 оқиға бойынша байқау комиссияларының шешімінің күшін жоюға нұсқау берілсе, комиссияның бір шешімі сот арқылы қуатсыз етілді.
Р.Мәмбетовтың айтуынша, алынған шаралардың арқасында 89,2 млн. теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары реттелді. 107 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 84 нысанға жүргізілген, 148,7 млн. теңгенің қаржылық қайшылықтарына қатысты істерді тексеру материалдары құқық қорғау мекемелеріне табыс етілді.