Қызылорда облысындағы екі мұнай кенішін игеріп жатқан "ҚуатАмлон Мұнай" Бірлескен кәсіпорны алғашқы бір миллион тонна мұнайды өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы екі мұнай кенішін игеріп жатқан "ҚуатАмлон Мұнай" Бірлескен кәсіпорны алғашқы бір миллион тонна мұнайды өндірді

Қызылорда облысындағы екі мұнай кенішін игеріп жатқан "ҚуатАмлон Мұнай" Бірлескен кәсіпорны алғашқы бір миллион тонна мұнайды өндірді

Қызылорда облысындағы екі мұнай кенішін игеріп жатқан Қазақстан-Американ бірлескен "ҚуатАмлон Мұнай" кәсіпорны алғашқы бір миллион тонна мұнайды өндірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 842
Фото - Caravan.kz

Компания Кеңестік кезеңде келешегі жоқ деп саналған Қоныс және Бектас кеніштерін игеруде. Бұл кеніштердегі алғашқы мұнай 1997-жылы алынды. Бірлескен кәсіпорынның атқарушы директоры Қазбек Исаевтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, өндірістік-тәжірбелік мұнай өндіру сатысында өзіндік темір жол терминалы салынды. Оның жобалық құны айына 100 текше метрді құрайды. Қызылордалықтар үшін мұнда жаңадан 60 жұмыс орны құрылды.

«ҚуатАмлон Мұнай» Бірлескен кәсіпорнының бас директоры Медғат Құлжановтың айтуынша, «компания мұнай өндірудің экологиялық таза технологиясына басымдық береді. Халықаралық стандарттар бойынша мұндай жұмыс тәсілі аса шығынды тәсілге жатады, бірақ кенішті агрессивті мұнай өндіру тәсілімен құртып жібермеу үшін мұнайды ұзақ уақыт бойы өндіруге мүмкіндік береді».
Бірлескен кәсіпорын Арал өңірінің әлеуметтік саласына 5 млн. доллардан астам қаржы құйды. Сондай-ақ, «ҚуатАмлон Мұнай» кәсіпорны Қазақстанның тәуелсіздік тойына орай бүгін өткізілетін соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесуге демеушілік жасады.

Соңғы жаңалықтар