Қызылорда облысындағы су астында қалған аумақ 608 шаршы шақырымды құрап 2079 адам басқа жаққа көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы су астында қалған аумақ 608 шаршы шақырымды құрап 2079 адам басқа жаққа көшірілді

Қызылорда облысындағы су астында қалған аумақ 608 шаршы шақырымды құрап 2079 адам басқа жаққа көшірілді

Сырдарияның арнасынан асуы салдарынан Қызылорда облысындағы су астында қалған аумақ 608 шаршы шақырымды құрап 2079 адам басқа жаққа көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 339
Фото - Caravan.kz

15-ақпандағы жағдаймен жиналған мұздақтардың қозғалысы Жосалы ауылынан жоғары 3,5-4 шақырымда байқалып отыр. Қозғалыстан апатты жағдай туындау көрінісі байқалған жоқ. Бөгеттер маңына күзетшілер шығарылды.

Қазалы ауданындағы «Иланды» учаскесінде қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Су шайып кеткен бөгеттің жеті жерінің 5-еуі қалпына келтірілді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен «Росо» тобының қызметкерлері «Басықара» плотинасының маңында шлюздарды мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Өзен арнасын бойлай 20-25 см-лік мұзатқы түзілді.
Тұтастай алғанда облыстағы су шаруашылықтарындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Облыстың апаттан құтқару қызметінің құрамы жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар