Қызылорда облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету қорында 20 млн. теңге жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету қорында 20 млн. теңге жиналды

Қызылорда облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету қорында 20 млн. теңге жиналды

Қызылорда облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету қорында 20 млн. теңге жиналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

Департамент мәліметіне сәйкес, аймақ теміржолшылары қорға өздерінің бір күндік жалақысы есебінен 9 млн. теңге аударса, тағы да 3 млн. теңгені «Жихан» компаниясы аударған. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» ААҚ-ның облыстық филиалының, облыстық ішкі істер басқармасы, салық комитеті, жергілікті газеттер мен жоғары оқу орындарының ұжымдары да қорға бір күндік жалақыларын аударды.

Департаменттегілердің атап көрсетуінше, кәсіпорындар мен ұйымдар қорға қаржы аударумен бірге зардап шеккендерге атаулы көмектер де көрсетуде. Мәселен, теміржолшылар Иманбердиевтер отбасын өз қорғауына алып, 100 мың теңге көмек көрсетті. Қаржы полициясының қызметкерлері Досановтар отбасын қамқорлыққа алды. Бес адамнан тұратын отбасына түрлі-түсті теледидар, кілем, ас үй жиҺазы мен ыдыс-аяқ берілді. Тәртіп сақшылары отбасының бір жұмыссыз мүшесін жұмысқа орналастырды.
Облыстағы жастар ұйымдары мен бейресми ұйымдардың бастамасымен табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб құрылды. ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов аймақ дихандарына үкіметтің атынан көмек көрсетілетіндігі туралы уәде берді. 13-ақпан, жұмада ол инспекциялық тексерумен Арал өңірінде болып қайтқан болатын.
Алдын-ала бағалауға сәйкес, табиғи апат салдарынан аймақ 485 млн. теңгенің шығынына ұшыраса, соның ішінде тұрғындар шеккен шығын көлемі 157 млн. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар