Жарияланды: 440

Қызылорда облысындағы жұмысшылардан қырым-қанды безгегінің диагнозы расталмады

8 маусым күні қырым-қанды безгегі ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған Қызылорда облысы Қазалы ауданының жұмысшыларынан диагноз расталмады.

Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би ауылында бірден 16 адам «қырым қанды безгегі» алдын ала диагнозымен аудандық ауруханаға түскендігі жөнінде ақпарат таратқан болатын. "Ауырып қалғандардың бәрі «Асыл Ата» акционерлік қоғамының ауыз су тарту жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылары болып шықты", - делінген еді таратылған ақпаратта. Одан кейінҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде нақтыланған ақпарат бойынша 15 жұмысшы кене шағып алған соң ауруханаға қаралған. «Жұмысшылардың барлығы алдын ала күдікпен ауруханаға келген, денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ, қазіргі таңда медициналық қадағалау үстінде», - деп хабарланған ҚР Денсаулық сақтау министрігінің таратқан баспасөз хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін