Қызылорда облысының егіншілері күріш егуді аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының егіншілері күріш егуді аяқтады

Қызылорда облысының егіншілері күріш егуді аяқтады

Қызылорда облысының диқандары күріш егуді аяқтады.

  • 6 Маусым 2011
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады.

Үстіміздегі жылы облыста бұл дақыл 76983 гектарға себіледі деп жоспарланған еді. Нәтижеде меже 77071 гектар болып асыра орындалды. Мұнда Сырдария және Қармақшы аудандарының үлестері көп. Атап айтқанда, сырда­риялықтар 18213 гектардың орнына 18 663 гектарға, ал қармақшылықтар 2 855 гектардың орнына 3 233 гектарға күріш септі. Осы арқылы облыста межеленген жоспар 100,1 пайызға жеткізілді.

Қазір себілген дақылды суға бастыру аяқталып келеді. Егіншілер сонымен бірге егілген күрішті күтіп-баптауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар