Қызылорда облысының кәсіпорындары 2003-жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 44 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының кәсіпорындары 2003-жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 44 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді

Қызылорда облысының кәсіпорындары 2003-жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 44 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қызылорда облысының кәсіпорындары (шағын және қосалқы кәсіпорындар, шаруа қожалықтарын қоса есептегенде ) 44 миллиард 621 миллион теңгенің өнімін өндірді , бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 120,0 процентті құрайды.

  • 6 Маусым 2003
  • 552
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық экономика басқармасынан хабарлады.

Облыстағы жалпы өнеркәсіп өнімінің басым бөлігін (95,1%) иемденетін кен қазу өнеркәсібінде мұнай және ілеспелі көгілдір отын өндіру мөлшерінің ұлғаюы есебінен өнім өндіру индексі 120,1 процентті құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемінің индексі 116,1 % болды.
Басқа да металл емес минералды өнімдер өндіру көлемі 2 есе , металлургиялық кәсіпорындар мен металл өңдеу саласындағы өнім мөлшері 2 есе , машина жасау саласының өнімі 38,7% артты .
Жылу энергиясын өндіру мөлшері 25,0 % артуы есебінен жылу энергиясы, су мен газ өндіру және тарату көлемінің индексі 2002-жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда жыл басында 125,1 процентті құрады.
2003-жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11946 млн. теңгені құрады. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,2 есе артық.
Инвестицияның 89,8 проценті шаруашылық субьектілерінің өз қаржысы есебінен, ал 6,2 проценті шетелдік инвесторлар есебінен салынды.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 13058 шаршы метрді құрады, бұл 2002-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 4,6 процент артық.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үлес салмағының 63,3 проценті Қызылорданың үлесіне тиеді.