Е.Мұстафаевтың айтуынша, Сырда түзілген сеңнің салдарынан ернеуінен асқан су Төменарық гидропостына таяу жердегі қорғаныс бөгетті бұзып кеткен.
Қазір ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ауыл тұрғындарының бір бөлігі туыстарының үйіне таратылса, кейбіреуіне арнап аудан орталығынан уақытша баспана берілді. Су астында қалу қаупі төніп тұрған Ақмай ауылдарының тұрғындарын көшіру үшін автобустар әзірленді.
Көршілес Шиелі ауданының орталығы мен жағалаудағы басқа да бірнеше елді мекен қауіпті аймақта орналасқан. Жергілікті тұрғындарға шұғыл көшке әзір отыруға кеңес берілді.
Бөгеттің бұзылған жерлерін жөндеуге адамдар мен техника жұмылдырылып, жару жұмыстары жүргізілуде.