Қызылорда облысының Қазалы ауданында екі ауылды су басу қаупі төнуде - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының Қазалы ауданында екі ауылды су басу қаупі төнуде

Қызылорда облысының Қазалы ауданында екі ауылды су басу қаупі төнуде

Сырдарияның төменгі сағасында сең түзілуі салдарынан Қазалы гидроторабының төменгі бөлігінде қорғаныс бөгет бұзылып, төрт жерді су шайып кетті. Осының салдарынан Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Абай және Өркендеу ауылдарына су басу қаупі төнуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 16-наурызда хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 663
Фото - Caravan.kz

Абай ауылының тұрғындары айналма жолдармен Басықара ауылына көшіріле бастады. Ал Өркендеу ауылының тұрғындарын Қожабақы ауылына көшіруге дайындық жүргізілуде.

Гидротораптан төменге қарай өзенді бойлай түзілген мұздың қалыңдығы 1 метрден асады. Қазалы ауданының орталығына таяу жердегі сеңді бұзу үшін 22 жарылыс жасалды.
Облыстық апаттан құтқару қызметтері жағалауды нығайту және магистралдық арналардан суды бұрып әкету шараларын жүзеге асыруда. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі бұл өңірге 30 мың құм салынған қаптар мен 110 шатыр жеткізді.

Перейти к новостям спорта