Қызылорда облысының Төребай би аулында Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа мектеп ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының Төребай би аулында Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа мектеп ашылды

Қызылорда облысының Төребай би аулында Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа мектеп ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының Төребай би аулында Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа мектеп ашылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 598
Фото - Caravan.kz

Екі қабатты ғимарат 200 оқушыға арналған. Жаңа нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 126 млн. теңге бөлінген. Төребай би ауылындағы мектептің ескі ғимараты өткен ғасырдың 60-шы жылдарында салынған болатын.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 26 ауыл мектептері апаттық жағдайда деп танылған деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының орынбасары Әмірхан Бәкіров. «Әсіресе мұндай оқу орындары Арал, Жаңақорған және Қармақшы аудандарында көп. Асар әдісімен шикі кірпіштен немесе қамыстан салынған көптеген ауыл мектептерінің пайдалану мерзімі өткен. Тіреу және қоршауларының әбден тозығы жеткен»,- деді ол. Кейбір мектептердің қабырғалары мен төбелері құлап кету қаупінен ағаш тіреулермен тірелген. А.Бәкіров Қызылордада екі жыл бұрын № 6 мектептің төбесі түсіп кеткенін еске сала кетті. «Төтенше жағдай жексенбі күні болып, ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді ол.

Облыстық білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева жыл аяғына дейін төрт ауыл мектебінің, ал келесі жылы тағы бес мектептің қолданысқа берілетіндігін хабарлады. «Біз апаттық жағдайда тұрған барлық мектептерді тек 2010 жылы ғана толығымен ауыстыра аламыз», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта