Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Ауыл мектебі" бағдарламасына сәйкес 4 мектеп ғимаратын салуға арнап 30 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

  • 19 Маусым 2003
  • 817
Фото - Caravan.kz

2003-2005-жылдарға арналған аймақтық «Ауыл мектебі» бағдарламасын Қызылорда облыстық білім беру басқармасы ауылдардағы білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылдаған. Соған сәйкес Қызылорда облысында 3 жылда 25 мектеп салу көзделіп отыр.

Бағдарлама бойынша мектептер салумен бірге қазіргі бар білім беру мекемелерін қайтадан жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде қаладағы көп бағытты №3 мектеп-гимназияда мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және оқу корпусына қосалқы құрылыс салу жұмыстары жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарының жобалық құны 187,8 млн. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар