Қызылорда қаласында қарақшылық жасаған 7 адамның ісі сотқа өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда қаласында қарақшылық жасаған 7 адамның ісі сотқа өткізілді

Қызылорда қаласында қарақшылық жасаған 7 адамның ісі сотқа өткізілді

Қызылорда қаласында қарақшылықпен айналысқан 7 адамның ісі сотта қаралатын болды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

  • 29 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Оқиғалар биылғы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында орын алған. Қатыгездікпен жасалған бұл 2 қарақшылық шабуылдары қала тұрғындарын дүр сілкіндірді.

Сапалы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде 7 адам ұсталып, олар қамауға алынды. Алдын ала тергеу барысында, ұсталған Е.Д., М.М., С.М., А.М., К.К., Р.К. және Н.Д. -ға 2011 жылдың 4-ақпанында Қорасан-ата көшесіндегі тұрғын үйге қарақшылық жасап, үй ішінен алтын бұйымдары мен ақша алып, жәбірленушіге жалпы құны 580 мың теңге мүліктік залал келтіргені үшін және де осы жылдың 8-наурызында Қызылорда қаласы, Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан азамат С.Б-ның тұрғын үйіне қарақшылық жасап, үй ішінен 3 млн. теңгені алып кеткені үшін ҚР ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен айып тағылды. Аталмыш топ үй-жайға заңсыз кіру арқылы бөтен мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп, қару қолданумен ұштасқан шабуыл жасаған.

Қылмыстық іс тергелу нәтижесімен облыстық прокуратурада зерделеніп, негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

Қылмыстық іс бойынша соңғы нүкте қою енді соттың еншісінде.

Соңғы жаңалықтар