Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 14 команда, 84 спортшы қатысты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турдан ұйымдастырылды.
Аталмыш бәсекеде Қызылордадағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Фарида Әуесбаева чемпион атанса, Әсел Дәлиева мен Ақторғын Қошқарова екінші орынды иеленді. Командалық есепте бірінші орынды Павлодар облысының құрамасы жеңіп алды. Ал үшінші орынға Ақтөбе облысының спортшылары орналасты.