Қызылорда тұрғындары Елбасынан PetroKazakhstan компаниясының заңсыз әрекеттерін доғартуды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғындары Елбасынан PetroKazakhstan компаниясының заңсыз әрекеттерін доғартуды сұрайды

Қызылорда тұрғындары Елбасынан PetroKazakhstan компаниясының заңсыз әрекеттерін доғартуды сұрайды

Бүгін, 15-маусымда Қызылордада митинг өтіп, онда қала тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына PetroKazakhstan компаниясының заңсыз әрекеттеріне қатысты өңірде қалыптасқан күрделі ахуалды шешу туралы өтінішпен мәлімдеме жолдауға шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2005
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеге 1000-дай адам қол қойды. Қол жинау шарасы 17-маусымға дейін жалғасады.

PetroKazakhstan компаниясы ғимаратының жанында өткен митингіге қатысушылар мұнай өндіруші компанияға мынадай талаптар қойды: көгілдір отынды босқа жағып жіберуді доғарып, Қазақстан Республикасының табиғат қорғау жөніндегі және монополияға қарсы күрес заңдарына бағыну, барлық деңгейдегі бюджеттерге төленетін салықтар мен айыппұлдарды толық аудару және жанармай мен дизельдік отынға әділетті баға белгілеу, Қазақстанның жер қойнауын құныға қарпуды доғарып, мемлекет белгілеген тәртіптер мен нормаларды сақтау, Қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіріп, олардың жалақысы мен құқығын шетелдіктермен теңестіру, Қызыорда және Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік бағдарламаларға қатысу.
Сонымен бірге митинг барысында PetroKazakhstan компаниясының еліміздегі келеңсіз әрекеттеріне қатысты деректер жария етілді. Мәселен, Қызылордалық кәсіпкерлер қауымдастығының атынан сөз сөйлеген «Рифада» ЖШС-нің директоры Кенжебек Әбдіраманов PetroKazakhstan компаниясы тарапынан тендерлер кезінде қазақсандық компаниялардың құқығын шектеуге, құқықтық-нормативтік талаптарды бұзуға қатысты деректерді ортаға салды. Қызылорда тұрғындары Жақсылық Ниязбаев пен Турабай Айшаубеков 1998-жылдан бері компаниядан 3 мыңдай жергілікті тұрғындардың жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Перейти к новостям спорта